Қазақстанда 2023 жылға дейінгі ақпарат саласын дамыту жоспары әзірленеді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпарат саласын дамытудың 2020-2023 жылдарға арналған ұлттық жоспарын әзірлейді. Бұл туралы ведомство басшысы Дәурен Абаев кеңейтілген алқа отырысы барысында мәлімдеді.

ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

 - Президент алдымызға қойған келесі стратегиялық міндет – ақпарат саласын дамытудың 2020-2023 жылдарға арналған ұлттық жоспарын қабылдау. Құжат аясында қазақстандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Қазір көптеген шаралар пысықталуда.

Министрдің сөзінше, қазіргі кезде ведомство мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру үстінде. Осы мақсатта ақпараттық тапсырыс механизмдері қайта қаралады.

ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

 - Біз нарықтық тарифтерді енгізу арқылы санын емес, сапасын жақсартатын боламыз. Мемлекет халық арасында нақты сұранысқа ие мультимедиялық контентті субсидиялайтын болады. Сондай-ақ оны интернетте жылжытуды да қарастырады. Екіншіден, біз коммерциялық телеарналар бен радиостанцияларымызға сандық хабар таратуда өз орнымызды иеленуге қолдау көрсетуге ниеттіміз.

Сонымен қатар ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде «еститін мемлекет» тұжрымдамасы туралы түсінік енгізілді. Бұл міндетті іске асыру үшін жүйелік мониторинг және халықпен кері байланыс арналарын талдау жоспарлануда.

Photo: strategy2050.kz