Абай Құнанбайұлы мен әл-Фарабидің мерейтойларын өткізу бойынша жоспар бекітілді

Абай Құнанбайұлы мен әл-Фарабидің мерейтойларын өткізу бойынша жоспар бекітілді

Қазақстанда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтой кең көлемде аталып өтпек. Мемлекеттік комиссия мүшелері келіп түскен ұсыныстарды егжей-тегжейлі талқылап, айтулы даталарға дайындық пен оны өткізу жоспарын бекітті.

Сонымен қатар Абай мен әл-Фарабидің мерейтойы күнтізбесі шетелді де қамтиды. ЮНЕСКО аясында Парижде конференциялар, Кембридж университетінің музейінде Ұлы ақынға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады. Мәскеудегі Үлкен театрда «Абай» операсының қойылымы жоспарланған және Қазақстан бойынша көрмелер, фестивальдер өтеді.

Сонымен қатар Абай мен әл-Фараби туралы деректі фильмдер түсіріліп, олардың еңбектері аударылып, жарияланады.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Біз енді кем дегенде ол кісінің еңбектерін он тілге аударуымыз керек. Республикалық бюджеттен 3,2 млрд теңге қаржы бөлінген. Осы Нұр-Сұлтан қаласында «Абай әлемі» деген үлкен орталық салсақ деген жоспарымыз бар. Оған қосымша қала әкімшілігі өздерінің есебінен Абайдың ескерткішін салатын болады.

ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

-  Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының инфрақұрылымының жағдайын жақсарту жөнінде қосымша шаралар қабылдансын. Қазақстанның шетелдегі елшіліктері негізінде сондай-ақ Қазақстандық ұлттық университеттерінің серіктес Жоғарғы оқу орындарында «Абай орталықтарын» құру мәселесі пысықталсын. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдері Абайдың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі өңірлік жоспарларды бекітсін.           

Фото: 24.kz