әл-Фараби туралы деректі фильм түсіріліп жатыр

әл-Фараби туралы деректі фильм түсіріліп жатыр

Қазақстандық киногерлер әбу Насыр әл-Фараби туралы фильм түсіріп жатыр. «Ұстаздың оралуы» атты туынды ұлы ұстаз әрі ойшылдың туғанына 1150 жыл толуына орайластырылып отыр. Осы мақсатта режиссер Сергей Азимов бастаған шығармашылық топ Сирияда болып қайтты.

СЕРГЕЙ АЗИМОВ, «ҰСТАЗДЫҢ ОРАЛУЫ» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІНІҢ РЕЖИССЕРІ:

-  Ибн Сина: «Егер Әл-Фарабидің еңбектерімен таныспасам, болмыстың не екенін түсіне алмас едім» деп айтқан. Харезми де, Бухари де. Түркі әлемінің рухани мұрасы бай. Осыны әлемге көрсетуіміз керек. Басты міндетіміз – осы.

Түсіру тобы Дамаскіге жасаған сапарында сондағы ұлттық кітапханадан Әбу Насыр әл-Фарабидің трактаттарының қолжазбаларын тапқан. Қазір көшірмесін алу бойынша келісім жасалуда. Жалпы ғалымның осы күнге дейін 40 еңбегі жеткен екен. Оның 6-ы иврит, 2-і латын, қалған 32-сі араб тілінде сақталған. әл-Фараби Аристотельдің еңбектеріне түсініктеме жазып, оны дамыта түскен. Осылайша, «Адамзаттың екінші ұстазы» саналады. Деректі фильм Қазақ Ұлттық университетінің қолдауымен түсірілуде.

ҒАЛЫМҚАЙЫР МҰТАНОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ РЕКТОРЫ:

 - Европалықтар қайтадан қауышқан кезде олар таңғалды. Шынында да біз түсінбей келген екенбіз Аристотельді. Ал мына әл-Фарабидің еңбегі арқылы, әл-Фарабидің үлкен қосқан үлесі арқылы біз жаңа ұстазды көріп отырмыз деп.

«Ұстаздың оралуы» – әл-Фараби туралы алғашқы толықметражды деректі фильм. Жуық арада көрермен назарына  ұсынылады. Авторлар туындыны телеарналардан көрсетіп, мектеп, университеттерге таратуды жоспарлап отыр.  

Фото:info-islam.ru