Қазақстан мен Түркияда әл-Фараби мен Абайдың мерейтойына ортақ шаралар ұйымдастырылады

Қазақстан мен Түркияда әл-Фараби мен Абайдың мерейтойына ортақ шаралар ұйымдастырылады

Қазақстан мен Түркия мұсылмандары діни басқармасы арасында ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілмек. Осы мақсатта, екіжақты меморандум қабылданып, әл-Фараби мен Абайдың мерейтойына орай ортақ ғылыми конференциялар ұйымдастырылмақшы. Бұл туралы Анкарада өткен екіжақты кездесуде айтылды.

Сондай-ақ қос елдің діни басқармасы арасында қабылданған ынтымақтастық туралы екіжақты келісімнің жүзеге асуы, оқу-ағарту саласы бойынша имамдардың біліктілігі мен тәжірибесін арттыру, бауырластық байланысты нығайту көзделген. 

СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Болашақта біздің мемлекетімізде аталып өтейін деп отырған әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойының аясындағы ортақ іс-шараларымыз,  діни-мәдени конференцияларымыз, Абайдың 175 жылдық мерейтойының аясындағы Ислам және Абай оқулары аясындағы бірнеше бағдарламалық жұмыстарымызды ортаға салып отырмыз.

Фото: tengrinews.kz