Үндістанда әл-Фараби атындағы ғылыми-білім беру және мәдени орталығы ашылды

Үндістанда әл-Фараби атындағы ғылыми-білім беру және мәдени орталығы ашылды

Үндістан астанасында әл-Фараби атындағы ғылыми-білім беру және мәдени орталығы ашылды. Мұнда келушілер адамзат танымының көптеген салаларына сүбелі үлес қосқан ұлы ойшылдың өмірі және шығармашылығымен таныса алады.

Сонымен қатар мұнда қазақ мәдениеті, дәстүрі мен қазіргі Қазақстанның жетістіктері туралы ақпарат ұсынылған. Әбу Насыр әл-Фараби үйі Қазақстандағы білім беру жүйесі, студенттер арасындағы алмасу бағдарламалары туралы толық ақпарат беріп, біздің елде оқығысы келетіндерге қажетті кеңестермен қамтамасыз етеді.

ҒАЛЫМҚАЙЫР МҰТАНОВ, ӘЛ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ РЕКТОРЫ:

 - Әл-Фараби кезінде әлемнің екінші ұстазы атанған. Ол – бүкіл әлемге ортақ  тұлға. Сол себепті тек қазақ немесе үнді халқы емес, әлемге ортақ тұлға болғандықтан, үлкен жобаны қолға алдық. Бұл – барлық елдерде барлық ұлттарды біріктіретін жоба. Маңыз беретін болсақ, ол кісі армандаған идеалдық қоғамды, қайырымды қоғам туралы. Оны кезінде Платон да, Аристотель де айтып кеткен. Соны ары қарай шегіне жеткізіп дамытқан әл-Фараби. Сол кездегі жазбалары, ұстанымдары қазір өте маңызды болып отыр.

Мәдени орталықтың ашылуы ұлы ойшылдың туғанына 1150 жыл толуына орайластырылды. 2020 жылы айтулы дата ЮНЕСКО қамқорлығымен атап өтіледі.

Фото: aikyn.kz