Президенттік кадр резерві: Индира Рыстина

Қазақстандық ғылым саласын дамыту. Президенттік жастар резервіне қабылданған Индира Рыстина өз өмірін осы мақсатқа арнамақ. Қазір ол Еуразия ұлттық университетінде саясаттану кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. Оған қоса PhD докторы Абай мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау жобасымен айналысады. Президенттік жастар кадрлық резервіне өтудің нәтижесінде жаңа мүмкіндіктер ашылды, дейді ол.

ИНДИРА РЫСТИНА, ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНІҢ МҮШЕСІ:

-  Мүмкіндіктер туып жатыр. Жұмыс орындарын ұсынып жатыр. Соның қатарында бірнеше жұмыс ұсынды. Бірақ өзім ЕҰУ-де қалам деген шешімге келдім. Өздері қабылдап жаңа лауазым ұсынды. Ректордың кеңесшісі Саясаттану кафедрасының лауазымымен қоса алып жүретін. Академиялық мәселелер бойынша, ғылым бойынша әсіресе жастардың ғылымы бойынша осы саланы маған тапсырып жатыр.

Фото: twitter парақшасынан алынды