Әзербайжан астанасындағы Абай атындағы көше

Әзербайжан астанасындағы ірі көшелердің біріне 2011 жылы Ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының есімі берілген. Қазақ ағартушысының құрметіне мемориалдық тақта да орнатылды. Абайдың 175 жылдығы атап өтілетін жылы бұл көше ерекше назарға бөленіп отыр. Кең ауданды қамтыған осы көшенің тұрғындары ұлы ақынымыздың шығармашылығымен жақсы таныс.

ХАГИГАТ КАДИРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

 - Абай Құнайбайұлы – қазақтың белгілі ақыны. Көше кімнің есімімен аталғанын мұнда барлығы біледі.

КЯМАЛЯ ШЮКУРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

 - Университетте оқып жүрген кезден бастап Абай Құнайбайұлы қазақ әдебиетшісі екенін білемін. Көшелердің көбісі жергілікті ақындар мен белгілі тұлғалардың есімдерімен аталған. Тақтадағы ақпараттың арқасында жастарымыз да Абайды біледі.

Өзге түркітілдес елдердегідей Әзербайжанда да Абайдың 175-жылдығына қызу дайындық жүріп жатыр. Осыған орай конференциялар мен шығармашылық кештер өткізу, кітаптар мен мақалалар басып шығару көзделген. Бұл шаралардың бірін Абай атындағы көшеде өткізу жоспарда бар.

ФИРУЗА АГАЕВА, АБАЙТАНУШЫ МАМАН:

 - Бұл көшеде шара ұйымдастыру ойымызда бар. Осы ауданның тұрғындарына қызық болар деп санаймын. Бұл – жұртымызды бауырлас қазақ халқының ұлы ақынының шығармашылығымен жақынырақ таныстырудың жақсы мүмкіндігі. 

Бұл – аудандағы ең ұзын көше. Ол бауырлас екі халық арасындағы достықтың белгісіне айналды. Ұлы ақынымыздың есімі барлық тұрғындарға жақсы таныс.

Фото: Хабар 24