Абайдың ең сүйікті ойыны – тоғызқұмалақ

Орталық  Азия елдері халықтарына ортақ ойындардың бірі – тоғызқұмалақ. Зияткерлік ойын ұлы Абайдың ең сүйікті әуестіктерінің бірі болған. Ол ұлттық ойын түрін дәріптеп, тіпті, арнайы жарыстар да ұйымдастырып тұрған. Оған дәлел бола ала алатын шәкірттерінің естеліктері бар. Өңірдің зиялы қауымы жиі бас қосып, өзара мықтыны анықтап тұрған. Тіпті, кей ойындардың бірнеше күнге созылғаны туралы да деректер бар.

АЛМАХАН МҰХАМЕТҚАЛИҚЫЗЫ,  АБАЙТАНУШЫ:

  - Абай осы тоғызқұмалақ ойынын өзінің алдына келген ақын шәкіртттерімен бірлесіп, тіпті, ұйықтамай, күндіз-түні,  екі-үш күнге созып ойнайтын деңгейге жеткен екен. Өзі ден қойып, жеңбей тынбайтын ойыны болған.

Ұлы ақын зияткерлік ойындар адамның сана-сезімі мен сауатын арттыруға әсер етеді деп ойлаған. «Адал жүріп, адал тұр, счетың дұрыс шығуға» немесе «Единица болмаса, не болады өңкей нөл» деген өлең шумақтары осының дәлелі дейді.

СЕРІК АҚТАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ТОҒЫЗҚҰАМАЛАҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

 - Ұлы Абай атамыз өзі тоғызқұамалақты меңгеріп, кезінде демеуші болған, ұйымдастырушы болған, барша қандастарын тоғызқұмалақ ойнауға шақырған еді. Бүгінгі күнде зерттеулер нәтижесінде ұлттық ойынымыздың пайдалы жақтарын, оның бала тәрбиесіне берерін талдап, осы жылдан бастап көптеген жұмыстар жүзеге асады.

Ақынды ғылыми тұрғыда зерттеп жүрген мамандар осындай ақпарды алға тартады. Енді оны кеңінен насихаттап, әрі спорттың бұқаралық сипатын арттыру үшін ерекше форматтағы жарыстар өткізбек. Ең алғашқысы елордада болды. Бұнда алғаш рет абайтанушылар арасындағы арнайы турнир өтті.

Фото: e-history.kz