«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінде ұшу сынақтары 2022 жылы басталады

Жаңа «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінде ұшу сынақтарын 2022 жылы бастау жоспарланған. Сенат депутаттары Қазақстан мен Ресей арасындағы аталған кешенді құру туралы келісімге енгізілетін түзетулерді ратификациялау туралы заңды мақұлдады. Жоба «Союз-5» зымыран тасымалдағышының негізінде іске асырылуда.

Ресей зымыранды жасау үшін жауап береді. Бұған 900 млн доллардан аса қаржы жұмсамақ. Ал Қазақстан «Зенит-М» кешенінің жерүсті инфрақұрылымын  модернизациялауды қамтамасыз етеді. Осы мақсатта оны жалға беруден босату қарастырылып отыр.

АСҚАР ЖҰМАҒАЛИЕВ, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ:

 - Бұл басқарылатын кешен болады деп жоспарлаған едік. Қазіргі кезде Ресей қазақстандық тарапқа бұдан бас тартуды ұсынды. Бұл экономикалық тиімділікті жақсартуға мүмкіндік береді және қазақстандық тараптың шығындарын азайтады. Бастапқыда шығындар 314 млн доллар көлемінде есептелсе, бүгінде кешенді құруға және оны жаңғыртуға 233 млн қажет деп отырмыз.

Фото: azattyq-ruhy.kz