Президент жастар кадр резервіне өткен алғашқы кәсіби мамандар жұмысқа кірісті

Президент жастар кадр резервіне өткен алғашқы кәсіби мамандар жұмысқа кірісті. Солардың бірі – 28 жастағы Аянай Раева. Ол Шымкент қаласының Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды. Аянай Раева сыннан сүрінбей өту оңай болмады дейді. Ол өзінің кәсіпқой маман екендігін дәлелдей алды.

АЯНАЙ РАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Кез келген азамат мемлекеттік қызметке келген кезінде ең әуелі жауапкешілікті сезіну керек. Жауапкершілікті өз мойнына ала білуі керек. Сол кезде ғана мемлекеттік қызметші басқаларына берері мол болады деген ойдамын. Президенттік кадр резервінен кейін бізге департамент басшысының орынбасары лауазымын беріп отыр ғой. Мұндай лауазымды маған ұсынады деп те ойлағаным жоқ бұл жерде. Алда енді қай жаққа сосын менің қабілетім қай жерге жетеді? Қай жаққа жолдаса сол жақта жұмыс жасауға дайынмын.  

ӘЛИ КӨМЕКБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Раева Аянай бізде 2015 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Коллективте өзінің абыройы бар. Бұл біздің жас қызметшіміздің ерекшелігі – ізденімпаздығы.

Аянай Раева өзінің «Жүректен жүрекке» атты жобасын жүзеге асыруда. Қазір көмекке мұқтаж жандардың бірыңғай базасын жасауға кіріскен. Жақын арада бұл жобаға мемлекеттік органдарды да тарту жоспарланып отыр.

Фото: khabar.kz