Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына байланысты 300 адамнан жауап алынды

Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына байланысты 300 адамнан жауап алынды. Бүгінгі таңда дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов хабарлады.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы әуежайына жақын маңда лайнер апатқа ұшыраған болатын. Бортта 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты. Осыған дейін премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына әуе кемесіне мұз қатуы себеп болғанын айтқан еді.

Фото: tengrinews.kz