Ақтөбе облысының Қобда ауданына туристердің қызығушылығы артқан

Ақтөбе облысының Қобда ауданына туристердің қызығушылығы артқан. Тек былтырдың өзінде, «батырлар мекені» атанған өлкеге 30 мыңға жуық саяхатшы барыпты. Оның басым бөлігі тарихи, мәдени ескерткіштерді аралап, сол маңның тұмса табиғатын тамашалаған.  

ЖАНАРГҮЛ БИБІТОВА, ҚОБДА АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Қобыланды батыр кесенесіне 10 200 адам келді. Олар Ресейдің приграничный райондарынан. Көбіне оқушылар мен студенттер. Көбінесе Росей, Канада, Германиядан келеді. Блогерлар өз инициативасымен келеді. Өткен жылы екі бригада келді.

Туристер тартуға арналған аудан жоспары осыдан 3 жыл бұрын бекітілген. Нәтижесінде, Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігі насихатталатын патриоттық орталық пен Қобыланды батыр мен XIV-XV ғасырлардың жауһары Абат-байтақ кесенелерінен құралған арнайы бағыт жасақталды. Былтыр осы 3 бірдей орынға келуші туристердің саны 24 мыңға жуықтаған.

ГҮЛБАРШЫН ЕРҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Кезінде Әлкей Марғұлан атап кеткен «Ашық аспан астындағы мұражай» дейміз ғой. Сол жерге келушілер өте көп. Бізде Қобда жерінде басқа да киелі орындар ашылып, алдағы уақытта «Ұлы даланың жеті қырына» енетін «Рухани жаңғыру» аясында көптеген тарихи орындар ашылуы әбден мүмкін.

Аудан әкімшілігі өкілдерінің айтуынша, меймандарды күтуге арналған тағы екі нысан салу көзделіп отыр. Ал туристік маусым алдағы көктемнен басталмақ.

Фото: el.kz