«Bek Air» әуе компаниясындағы кемшіліктер анықталды

«Bek Air» әуе компаниясының «пайдалану және ұшуға жарамдылығы туралы сертификаттарын» қолдану белгісіз мерзімге дейін тоқтатылды. Қазақстан авиациялық әкімшілігінің шешімі осындай. Тасымалдаушыны тексеру барысында өрескел кемшіліктің бірі – сағаттар мен циклдарды қадағалау үшін сериялық нөмірлер туралы ақпарат беретін деректер кестесі алынып тасталғаны анықталды.

Мұндай жағдай бірнеше қозғалтқышқа қатысты белгілі болды. Жалпы алғанда, ұшақтардың жарамдылығын тексеру қанағаттанарлықсыз деп бағаланды. Қазір компанияда тексеру жұмыстары жалғасуда. Ол аяқталғаннан кейін тасымалдаушы 10 күн ішінде барлық кемшіліктерді жою үшін «Қазақстан авиациялық әкімшілігіне» жоспарларын ұсынуы тиіс. Егер олқылықтар 6 ай ішінде жойылмаса, «пайдаланушы және ұшу жарамдылығы туралы сертификаттары» біржола алынады.

Фото: inbusiness.kz