Биыл Абайдың музыкалық мұрасының жаңа жинағы жарыққа шығады

Биыл Абайдың музыкалық мұрасының жаңа жинағы жарыққа шығады. Бұл жөнінде Ұлттық мұражайда өткен ұлы тұлғаның 175 жылдығына арналған жиынның барысында мәлім болды. «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» деп Ұлы Абайдың өзі айтпақшы, шоқтығы биік сазды туындылары нотаға қайтадан түсірілетін болады. Жаңа жинаққа сазгердің бүгінге дейінгі мәлім болған төл музыкалық шығармаларымен қатар ақынның сөздеріне жазылған әндер толықтай еңгізілмек.  Бір айта кетерлігі, қазақ фольклорының алтын қорына кірген туындылар ХХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап нота тіліне түсіріле бастаған. Қазіргі таңда Абай әндерінің түрлі нұсқаларын қоса алғанда 40-қа тарта үлгісі сақталған, дейді мамандар.

ТОЛҒАНБАЙ СЕМБАЕВ, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

 - Бұның бәрі жақсы ниетпен жиналған нәрсе. Абайдың бай мұрасы шашау шықпау үшін жасалды. Қай елде, қай жұртта кім айтсада барлығын осылай жинау бекітілді. Енді талдау керек. Осымен айналысып жүрген азаматтар жақсылап талдап, бір жүйеге келтіріп ұсынып жатса нұр үстіне нұр деген ойдамыз. Кейінгі мынау ұрпаққа, осы әндерді үйреніп жүрген студенттерге, әнді жақсы көретін халыққа кішкентай түсіндірме беріп жатса жақсы болады деп ойлаймын.

Фото:mix.tn.kz