Ұлттық музейдің Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралары

Абай мұрасы – ұлттық тәрбиенің қайнар бұлағы. Еліміздің Ұлттық мұражайы ұлы тұлғаның 175 жылдығына орай өнегелі өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

Бүгінде музей қорында ақынның өмірде қолданған жеке заттары сақтаулы. Оның бірі Абай Құнанбайұлының өзі Семей мұражайына тапсырған – құты. Сондай-ақ қолжазбалары мен өзге де құнды жәдігерлер ел назарына ұсынылады.

Бұған қоса жақында бас мұражайда Абайдың «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің көрмесін ашу көзделіп отыр. 

АЙБАР ҚАСЕНӘЛІ, ҚР ҰМ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Абайдың өзі сан қырлы адам ғой. Оның ән мұрасы, күй мұрасы бар, ғылымы мен білімі бар. Сол тұрғыда ғалымдардың пікірін алу мақсатында халықаралық конференция ұйымдастыру жоспарланып отыр. Осының барлығы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне тиесілі міндеттердің аясында атқарылатын жұмыстар қатарына жатады.

Фото: inform.kz