Ілияс Жансүгіровтің 18 кітабы табылды

Қазақ поэзиясының Құлагері, Алаш арысы Ілияс Жансүгіровтың бұрын еш жерде жарияланбаған 18 кітабы табылды. Кітаптар Ресейдің мемлекеттік мұрағат қорларында жатқан екен.

Құнды жәдігерлерді жас ғалым Елдос Тоқтарбай тапты. Аталмыш шығармалар жуырда қайтадан басылып шықпақ.

Сонымен қатар Жансүгіров өз қолымен жазған 73 құжаттың көшірмесі жасалынды. Ал Елдостың еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Ол І. Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған байқаудың жеңімпазы атанды. 

ЕЛДОС ТОҚТАРБАЙ, АЛАШТАНУШЫ:

 - Біз бұнымен тоқтап қалмаймыз. Ілиясты зерттеу мәселесін болашақта да жалғастырамыз. Ойларымыз, жоспарымыз бар. Құдай амандық берсе, Жансүгірұлын және оның ұрпақтары, құғын-сүргінге ұшыраған жақын туыстары, әкесі және тарагедиялық махаббаты, отбасылық мәселесі де жеке зерттеледі деген жоспарым бар.

Фото: Хабар24