Bek Air басшысы ұшақтың қанаттарына мұз қатуы туралы болжаммен келіседі

Bek Air басшысы Алматыдағы ұшақ апатының болжамды себептерімен келіседі.

Еске сала кетейік, өткен аптада тергеу жұмыстарының алдын ала қорытындылары жарияланған болатын.

Борттық жазбаларды оқудың нәтижесі бойынша, жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына әуе кемесіне мұз қатуы себеп болуы мүмкін.

Қазір халықаралық әуе комитеті мен Еуропалық ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитеттің мамандары ұшақтың ұшу жолын модельдеуді қолға алды. Әзірге компания жұмысы тоқтатылған. Рейстер күн сайын кейінге қалдырылып жатыр.

Bek Air сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 15-16 қаңтарға жоспарланған сапарлар да жүзеге асырылмайды. Билеттің ақшасы жолаушыларға толықтай қайтарылады.

Фото: lada.kz