Төрегелді Тұяқбайдың «Сөз биі – тетралогия» атты кітабы жарық көрді

«Сөзбиі – тетралогия». Елордада осындай атаумен танымал қазақстандық ақын Төрегелді Тұяқбайдың поэзиялық жинағының тұсауы кесілді. Сиясы әлі  кеппеген 4 томдық еңбекті жарыққа шығару үшін автор 20 жыл уақытын  сарп еткен.

Қара өлең ұйқасының шебері заманауи қазақ поэзиясының өзге қырларын ашатын  «сөзбиі» деген жаңа жанр енгізгенін айтады. Осы арқылы қазыналы елдің қанатты сөздерінің мән-маңызын ашып, Ұлы Абайдың өнегелі шығармашылығына терең үңілуге болады дейді. Тырнақалды туынды сөз зергері Абайдың 175 жылдығына арналған. Әзірге кітап қазақ тілінде 5 мың данамен басылып шықты.

Алдағы уақытта жинақты өзге де тілдерге аудару жоспарланып отыр.    

ТӨРЕГЕЛДІ ТҰЯҚБАЙ, АҚЫН, КІТАП АВТОРЫ:

 - Бұны поэзияның жаңа жанры десек болады. Беделді әдеби сыншылар, ақын, жазушылар, басқа елдердегі қаламгер әріптестерім Абайды Қазақстанның басты брэнді деп таниды. Бұл еліміздің бойтұмары сынды. Мәселен, ағылшындар Шекспирді насихаттады. Қазір оны айдай әлем таниды. Немістердің Гетесін білмейтін жан жоқ шығар. Біз де Ұлы Абайды оның өнегелі өмірі мен шығармашылығын жер-жаһанға жария етіп, жан-жаққа танытуымыз керек.   

Автор: Жеңіс Ермұқанов

Фото: shalkarfm.kz