Ирандағы ұшақ апаты: Қаза болған жолаушылардың азаматтығы анықталды

Украина Сыртқы Істер министрлігі құрбандардың азаматтығы жайлы ақпарды жариялады. Бортта барлығы 167 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат кезінде Ираннан – 82, Канададан – 63, Украинадан – 11, Швециядан – 10,  Ауғанстаннан – 4, Германия мен Ұлыбританиядан 3-3 азаматтан болған.

Естеріңізге сала кетейік, Boeing 737 ұшағы Тегерандағы  Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшыраған. Ұшақ аспанға көтерілгеннен кейін қозғалтқыштардың бірі істен шығып, өртенген. FlightRadar 24 рейстерін бақылау қызметі бұл ұшақтың 3,5 жылға жуық уақыт жұмыс істеп тұрғаны туралы хабарлап отыр. Әуе кемесінің қара жәшіктері табылып, тексеруге жіберілді.

Фото: liter.kz