Оңтүстік Корея қазақтың ұлы ақыны Абай шығармашыларын корей тіліне аударады

Оңтүстік Корея биыл қазақтың ұлы ақыны Абай шығармашылығын зерттеуге ден қоймақ. Қазақ ақынның туындыларын осы елдің Еуразия түркология зерттеу институты корей тіліне аударады.

Ұйым директорының айтуынша, бұл таңғы шық елінің азаматтарына Қазақстанның мәдениеті мен тарихын жетік меңгеруге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Абай шығармашылығына арналған әдеби симпозиум Оңтүстік Кореяда келесі жылға жоспарланған.

О ЫН ГЁН, ЕУРАЗИЯ ТҮРКІТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Абай шығармалары кәрістер үшін түсінікті болады деп ойлаймын, Еліміздің тұрғындары ұлттық рух сезімімен, халықтық қозғалыспен, рухани мәдениетін сақтауға бағытталған әрекеттермен таныс. Бұл Абай шығармаларында жазылған. Қазақ ақыны мен ағартушысының шығармалары қазақтар мен кәрістерді рухани біріктірудің құнды көпірі болады деп ойлаймын. Шығармаларды аудару оңай шаруа емес, бірақ кітап шығару одан да қиын. Егер Қазақстан қорлары бізге қолдау көрсетсе, онда міндетіміз жеңіл болар еді.

Фото: Хабар 24