Алматыда тау туризмін дамыту

Алматының туристік орындары бүкіл әлемнен саяхатшыларын өзіне тартуда. Өңірге жыл сайын миллионнан астам қонақ ат басын тірейді.

Айта кету керек, туристер үшін ең тартымды бағыттардың бірі – таулы аймақтар. Жыл сайын оған 500 мыңға жуық турист келеді. Алайда сарапшылардың айтуынша, 5 жылдан кейін олардың саны 2,5 миллионға жетеді. Мұндай міндетті Үкімет 2025 жылға дейін туризм саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қойып отыр. Қазір туристер арасында танымал тау жолдары абаттандырылуда. Оларды көрсеткіштермен, ақпараттық стендтермен, сондай-ақ күркелермен және орындықтармен жабдықтауда.

Сонымен қатар жақында қалада тау туризмін дамыту бойынша тұңғыш жобалық кеңсе ашылды.

ТИМУР ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ, «KAZAKH TOURISM» ҰК АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Жобалық кеңсенің басты міндеті – бұл осы аумақтағы мемлекеттік бағдарламаның барлық ережелерінің іске асырылуын орындау. Инвестициялар тарту тұрғысынан да, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобалары тұрғысынан да, туризмде кадрларды қалыптастыру үшін база құру бойынша да, туризмдегі стандарттар, Туризмдегі қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында да және тағы басқа салалар бойынша жұмыс істеу.

Шетелдіктерге виза беруді оңтайландыру және оны алу мерзімдерін қысқарту, жобаларды іске асыруда және инвесторларды іздеуде туристік бизнеске жәрдемдесу және көмек көрсету.

Бұл – жобалау кеңсесі жүзеге асыратын міндеттердің жартысы ғана.

Мамандардың айтуынша, мұндай жоба жақын арада еліміздің Бурабай, Баянауыл, Имантау-Шалқар курорттық аймағы, Алакөл және Балқаш, Түркістан, Маңғыстау, Байқоңыр және Нұр-Сұлтан сияқты басқа да туристік аймақтарда да өз жұмысын бастайды.

Авторы: Ақзер Сегізбаева 

Фото: hallstatt.net