Елбасы ұшақ апатынан көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

«Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін», - делінген жеделхатта.

Фото: Хабар 24