Алматыдағы ұшақ апаты: қаза тапқандар саны артты

Алматыдағы ұшақ апаты: қаза тапқандар саны артты

Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша «Бэк эйр» әуе компаниясы ұшағының құлауы салдарынан қаза болғандар саны 9 адамға жетті.

«Алдын ала ақпарат бойынша, 9 адам қаза тапты, 9 адам жарақат алды, оның ішінде 6 бала бар», - деп хабарлады ТЖК баспасөз қызметі.

Бұған дейін ұшақ апатынан 7 адам қаза болғаны хабарланған.

Бүгін, 27 желтоқсан таңғы сағат 7-ден 5 минут кеткенде ұшақ әуеге көтерілген. Артынан радардан жоғалғаны белгілі болды. Ұшақта 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Қазір оқиға орында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Мемлекет басшысы қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты. 

Фото: Хабар 24