Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті

Ресми мәліметке сәйкес, жұма күні таңғы сағат 7.22-де  «Bek Air» компаниясына тиесілі әуе кемесі аспанға көтеріле сала төмен құлдилап, екіқабатты ғимарат үстіне құлаған.

Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақ бортында 93 жолаушы және экипаждың 5 мүшесі болған. Қазір төтенше оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Осы ақпарат әзірленген уақытта 14 адамның қаза болғаны туралы хабарланған.

Фото: otrar.kz