Президенттік жастар кадрлық резерві жасақталды

Президенттік жастар кадрлық резерві жасақталды. Іріктеуден өткен жастардың дені жеке және квазимемлекеттік секторда жұмыс істейді. 98-і - бюджеттік мекеме қызметкері. Білімдері – жоғары. 57 проценті шетелдік оқу орнын тәмамдаған.

Резервке еліміздің барлық өңірінен жастар енді. Алдағы тоқсан ішінде әрқайсысына қатысты жоспар дайындалады. 6 кезеңді қамтыған іріктеу нәтижесі Президент кадрлық резерв сайтында жарияланған.   

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Президент тапсырмасына сәйкес бірнеше ай бойы осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда іріктеу аяқталды. Ұлттық комиссия өз отырысында эксперттік комисссия ұсынған кандидатураларды қарастырып, 300 жас кәсіби маманды таңдап алды. Олар алдағы жылдарда мемлекеттік басқару жүйесіндегі жауапты қызметтерге тағайындалады деп жоспарлануда.

Фото: inform.kz