Дінаралық диалог – бейбітшілікке апарар жол

Дінаралық диалог – бейбітшілік пен қауіпсіздікті құруға апарар жол.

Венгрия теологы Сабольч Наджпаль жаһандану үрдістері және онымен байланысты қауіптер жағдайында бұл халықаралық қауымдастықтағы сенімді сақтаудың ең дұрыс тәсілдерінің бірі деп санайды.

Айта кетейік, Қазақстанда осымен 16 жыл бойы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өткізіліп келеді. Бұл – өз тиімділігін дәлелдеп үлгерген жаһандық деңгейдегі алаң. Ол өзара түсіністікке жол ашып, әлем елдерінің діни қайраткерлеріне өзекті мәселелердің шешімін бірлесе іздеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

CАБОЛЬЧ НАДЖПАЛЬ, ТЕОЛОГ /ВЕНГРИЯ/:

 - Жаһандану процесін басқару – біздің жауапкершілік. Осы ретте дін өкілдеріне артылған жүк ауыр екені анық. Олар өзара ақылдаса отырып, әлемнің ең өзекті мәселелерінің түйінін тарқатуға көмектесе алады. Ондай кездесулер барысында бір-бірін қолдауға, көмек қолын созуға, шабыттандыруға болады. Жалпы дінаралық диалог – шынымен де шабыттандыратын ұлы нәрсе. Қазіргі жаһандану жағдайында жалпыадамзаттық құндылықтар қайта бағаланып жатқан кезде діндердің атқаратын ролі айрықша маңызды.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: kst-eparhiya.kz