Тәңіршілдік мәдениетімен «Қасиет» атты кітаптан танысуға болады

Ұлы даланың руханияты және түркі әлемінің дүниетанымы,әдет-ғұрып, салт-санасының бастауы, көшпенділер өркениетінің құндылықтары. Тамыры терең тартқан діни наным-сенімнің қайнар көздері.

Осы текті рухани, мәдени мұралар тақырыбы қамтылған құнды деректермен «Қасиет» атты кітаптан танысуға болады. Танымдық еңбекте танымал қазақстандық ғалым Арман Нұрмұхамбеттің зерттеу жұмыстарының нәтижелері келтірілген.

Негізінен дәстүрлі түркілік дүниетанымның бастауы саналатын тәңіршілдікке қатысты ғылымы тұрғыдағы сараптамалар. Бұл көне діни сенім түркі халықтарының ғана рухани құндылығы емес. Ғалымдар оны жалпы адамзат тарихының маңызды деген мәдени мұраларының біріне жатқызады.   

АРМАН НҰРМҰХАНБЕТОВ, ТАРИХШЫ:

 - Негізінен тәңіршілдік көне салт дәстүрлермен бірге бүгінге дейін жеткен. Тәңірге табыну, аспан әлеміне құлшылық ету көшпенділердің тұрмыстық салтында болды. Олар бағзы заманнан діни сеніммен қоршаған ортаны бөліп жармай үйлестіре білді. Сондықтан тәңіршілдіктің жұрнақтары сол көшпенді халықтың ұрпақтарында сақталған. Әсіресе қазақ, қырғыз, башқұрт, түрікмен халықтарында бабалардың көне дәстүрлері әлі көрініс тауып келеді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов  

Фото: youtube.com