«Хабар» Агенттігі «Жыл таңдауы» сыйлығының иегері атанды

«Хабар» жыл таңдауы байқауында үздік деп танылды. Агенттік «Отандық теледидарды дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясының лауреаты атанды. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі Алматыда өтті.

Бүгінде «Хабар», «Хабар24», «Kazakh TV», «Еларна» телеканалдарын бір шаңырақ астында біріктіріп отырған агенттіктің құрылғанына келесі жылы 25 жыл толады. Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде біздің қызметкерлер қоғамның ең өзекті мәселелерін көтеретін тақырыптарда бейнематериалдар мен бағдарламалар дайындаған. Ел өміріндегі және халықаралық деңгейдегі саяси, мәдени және спорттық шаралардан хабар таратты. Агенттіктің алдағы жылға жоспары да орасан.

ҚЫМБАТ ХАНГЕЛДИНА, «ХАБАР» АГЕНТТІГІ» АҚ  АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біз үшін халықтың ықыласы мен қоғам пікірі маңызды. Сол арқылы біз шабыттанып, жаңа бастамаларды қолға аламыз. Алдағы уақытта ойын-сауық бағдарламалар және  деректі фильмдер, телехикаялар көбейетін болады. Сөйтіп көрерменнің жаңа буынын тартуға тырысамыз.