2025 жылға қарай ғылымды қаржыландыру 10 есеге артады

Қазақстанда 2025 жылға қарай ғылымды қаржыландыру 10 есеге артады.

Үкімет отырысында салалық ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов атап өткендей, егер биылғы жылы осы мақсатқа 43 млрд теңге бөлінсе, 2025 жылы 431 млрд теңгеге дейін артады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жас ғалымдарды қолдау үшін жыл сайын 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Ғылым әлеуетін нығайту ел экономикасын дамытудың маңызды бөлігі болып табылады.

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

- Бұның алдында грант конкурстары 3 жылда 1 рет өткізілсе, келесі жылдан бастап жыл сайын бұл конкурстар өткізілетін болады. Мұның барлығы ғалымдар үшін, жалпы отандық ғылым үшін ауыз толтырып айтатын қолдау және жақсы жаңалық. Ғылыми институттардың материалдық техникалық базасын нығайту үшін бөлек бюджеттік бағдарлама ашылды. Осы жұмысты біз қазірдің өзінде бастап кеттік. Ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және цифрландыру бойынша ғалымдардың цифрлық дағдыларын дамыту, бағдарламалары іске асырылады.

Авторы: Ақзер Сегізбаева 

Фото: primeminister.kz