Шетелдегі қазақ жастарын қолдауға арналған «Стипендиялық бағдарламасы»

Шетелде тұратын этникалық қазақтардың балаларына атамекенде білім беру үрдісі алдағы жылы да жалғасады. Биыл этникалық қазақ жастарының магистратура мен докторантураға түсуіне мүмкіндік беретін «Стипендиялық бағдарлама» әзірленіп, алғашқы 125 грант бөлінді.

Бұл – Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Отандастар» қорының бірлескен бастамасы. Болашақта грант санын ұлғайту көзделіп отыр.

Айта кетейік, бүгінде мемлекеттің қолдауымен Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында 1500 студент, колледждерде 700-дей жас білім алып жатыр. Одан бөлек, 1238 қандасымыз дайындық курстарында оқып жүр.

ҚҰРАЛАЙ БОЛАТБЕК, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ СТУДЕНТІ:

 - Қазақстанға келгенімнің бір себебі – атамның арманы болатын. Бала күнімнен ойыма сіңіріп өсті. «Сендердің отандарың – Қазақстан» деп. Сол жаққа барып білім ал және де оны қайтарып, еңбек қылып, жұмыс жасап, көптеген дүниелерді жаса деп айтқан болатын.   

НҰРЫМЖАН ЖҰМАҒАЗИЕВ, «ОТАНДАСТАР ҚОРЫНЫҢ» ӨКІЛІ:

 - Біз келесі жылға дайындық бөлімінің гранттар санын 1500-ге өсіруді жоспарлап отырмыз. Дайындық бөлімінен кейін бакалаврға оқуға түсу үшін бізде 4 пайыз жеңілдік бар. Бұл – қандастарымызға берілетін зор мүмкіндік.