Еріктілер ұйымы жұмыстарын цифрлық жүйеге көшірді

 

Қазақстанда 200-ден астам волонтерлік ұйым бар. Олардың құрамында 50 мыңнан астам ерікті, белсенді жастар жұмыс істеп жатыр. Ал олардың 30 мыңы «Ұлттық волонтерлік желіде» ресми тіркелген.

Еріктілердің жұмысы сан саланы қамтиды.Мысалы, Шығыс Қазақстандағы жастар әлеуметтік бағыттағы жұмыстарын тиімді атқару мақсатында арнайы қосымшаны іске қосқан. Қазір ол сынақтан өткізіліп жатыр. Интернет-хабарламалар арқылы жергілікті волонтерлер күнделікті істерін үйлестіріп, жоспарлай алады. 

ШОЛПАН БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, ЕРІКТІ:

- Менің ойымша еріктілердің болуы өте маңызды. Себебі қазір қоғамда мұқтаж отбасылар саны аз емес. Сондықтан осындай отбасыларды тауып, көмектескен өте маңызды. СКЛ Қазір әр азаматтың әлеуметтік жауапкершілігі болу керек. Біз оқып жатырмыз, білім алып жатырмыз. Сондықтан жан-жағымыздағы ортамызға қарауымыз керек.

ПЁТР СУХАНОВ, ЕРІКТІ:

- Мен еріктілер қатарына жақында ғана қосылдым. Бұл жұмыс менің жаныма жақын. Өйткені мен адамдарға көмектескенді жақсы көремін. Мен ақыл-ой және физикалық жағынан дамып келемін.

Фото: inbusiness.kz