Ринат Кертаев «Құрмет» орденінің иегері атанды

Қ.Тоқаевтың жарлығымен «Хабар» Агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев «Құрмет» орденінің иегері атанды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Хабар» Агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев  «Құрмет» орденінің иегері атанды.

Жоғарғы мемлекеттік награданы иесіне ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев салтанатты түрде табыс етті. Салалық министрлікте өткен шарада ақпарат саласының бірқатар қызметкері алғыс хаттарын алды.

РИНАТ КЕРТАЕВ, «ХАБАР» АГЕНТТІГІ» АҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Бұл – тек маған ғана емес, сол журналистика факультетінде тәрбиелеп біліп берген ұстаздарымның еңбегіне, «Хабар» Агенттігінің барлық ұжымына берілген баға, үлкен сенім. Осындай еңбегімізді елеп, ескерген мемлекет басшысына, ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жетекшілеріне, ұжымына алғыс білдіргем келеді.