Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚХА мүшелері марапатталды

Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық және мемлекеттік наградалары өз иелерін тапты.

Әдеттегідей Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміздің бірқатар азаматы ерекше құрметке бөленді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, шығармашыл және ғылыми зиялы қауым өкілдері марапатталды.

Еңбегі еленген жандарға «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» және «Бірлік» алтын медальдары, «Жомарт жан» және «Мейірім» төсбелгілері табысталды.

ОМАРХАН ӨКСІКБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Еңбек еленіп жатса қуану керек. Солай болу керек деп ойлаймын. Сонымен қатар марапат – ол құрмет, олар жаңа жұмыстарға, жақсы да пәрменді істерге бастама болады деп білемін. Бірлігі бар елдің – тірлігі бар дейді. Біздің бірлігіміз жарасса, мемлекет тәуелсіздігінің ұзақтығына, қабырғасының беріктігіне кәміл сенуге болады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: inform.kz