Елордада дипломатиялық фотокөрме ашылды

Қазақстан жер-жаһанды бейбіт әлем құруға шақырып, достықтың қасиетін жоғары бағалайтын ел. Елордада осыны айғақтайтын «Елдестірмек елшіден» атты дипломатиялық фотокөрме ашылды.

Ұлттық мұражайдың төрінен орын тепкен танымдық экспозиция Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының жәрдемдестік қауымдастығының ықпалдастығы аясында ұйымдастырлыған. Онда Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Морокко Королдігі, Кувейт, Индия, Корей, Беларуссия елдері мен Қазақстан арасындағы кездесулердің сәтінен түсірілген фотосуреттер қойылған.

Кез-келген мемлекеттің сыртқы қарым-қатынасы барысында елші ықпалы ерекше. Мұнда ұсынылған бейне деректер астарында тарихи сабақтастық жатыр, саясат бар, мәдени үндестіктіде көруге болады. Көрме бір ай бойы жалғасады.

НӘЗЕРКЕ ЖАҚСЫЛЫҚОВА, ҚР ҰМ ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ:

- Қазақстан әлемдік деңгейде, жалпы халықаралық аренада тұрақтылық пен толеранттылықтың смволы болып табылады. Және ең басты жетістіктердің бірі ол әрине ядролық қарудан бас тарту жөніндегі көшбасшылық. Жалпы халыққа көрме  өте қызық болады. Өйткені келушілер барша мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты көре алады және Елбасына табысталған сенім хаттар, құрмет грамоталары осы көрмеге қойылған.

Автор: Жеңіс Ермұқанов

Фото: old.elorda.info