10 желтоқсан – елорданың арқаға көшірілген күні

Желтоқсанның 10-шы жұлдызы Қазақстан үшін тарихи күн. Осыдан тура 22 жыл бұрын дәл осы күні Елбасы Жарлығымен ел астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Одан кейінгі жылдары қала ауқымды құрылыс мекеніне айналып, Еуразияның кіндігінде әсем шаһар бой түзеді.

Жаңа астананың жобасын жасауға және құрылыс жұмыстарына Кишо Куракава, Норман Фостер, Манфреди Николетти сынды әлемдік деңгейдегі сәулетшілер тартылды. Дәулетті де сәулетті бас шаһар осы уақытқа дейін жер-жаһанға халықаралық келіссөздер алаңы ретінде танылып үлгерді. Ол келелі кеңестер мен іскерлік басқосулардың, тарихи шешімдердің ордасы, бейбіт әрі бақытты әлем құрудың моделін үлгі тұтқан құтты мекен саналады.

ЮНЕСКО шешімімен Қазақстан елордасына «Бейбітшілік қаласы» деген атақ берілген. Бас қаланың даму кезеңдері туралы қалалық мұрағаттағы құжаттар сыр шертеді.

ҒАЗИЗА ИСАХАН, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ҒЫЛЫМИ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Қалалық архивте негізінен 700-ге жуық қор 300-400 мыңға жуық құжат сақталған. Бізде цифрлық форматқа көшіру жұмысы жақсы жүргізіліп жатыр қазіргі уақытта. Жалпы бұл қаланың ғана тарихы емес, бұл мемлекеттің тарихы, ұлттың тарихы.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: old.elorda.info