Қазақ тілі ұлтаралық тілге айналуда

Қазақ тілі ұлтаралық тілге айналуда

Бүгінде Ана тіліміздің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшеюде. Өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін жетік меңгергендер де бар. Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы республикамыздың Тәуелсіздік күніне орай «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты форум ұйымдастырды.

Ел астанасында алғаш рет өткізілген шараға еліміздің әр өңірінен 100-ден астам ұлт өкілі келді. Қатысушылар форум барысында қазақ тілін үйренудегі өз тәжірибелерімен бөлісті.

ИОНГ МИН ЧУ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ ЕЛШІЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ/ КОРЕЯ/:

- Қазір Орталық Азияға көп қызығушылық туындап жатыр Кореяда. Бірақ сол Қазақстанды, Орталық Азияны таныстыра алатын өте аз. Сол жағдайды қарап, мен маман болайын деп шештім. Қазақ тілін латиницаға ауыстырып жатыр ғой. Солай болса, қазақ тілінің имиджі және деңгейі басқаша болады деп ойлаймын. Сондай-ақ шетелдіктерге оқуға оңайырақ болады деп ойламын.

РУСАЛИНА ПРЯХИНА, М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

– Мысалы менің ұлтым орыс болса да, қарапайым орыс мектебінде оқысам да, қазақ тілін тек қазақ тілі пәнінің мұғалімінен үйреніп, оған қоса күн сайын жүрегім соғып, маған айтатын «Русалин, сен қазақ тілін үйренуің керек, сен Қазақстанда тұрасың ғой» деп, Мамам маған күн сайын «ұлтың орыс болса да, көшеде жүрсең басқа адамдарды қалай түсінесің қазақ тілін білмесең? Ағылшын тілін білесің, қазақ тілін білмесең ұят болады» деді. Сол сөзінен кейін барлығы басталды.

Форум аясында этномәдени бірлестіктердің мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқан белсенділері ҚР Президентінің атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: almaty.tv