Орталық Азияда төмен көміртекті дамыту стратегиясы құрылуда

 

Орталық Азияда төмен көміртекті дамыту стратегиясы құрылуда. Жаңа жоба Париж климаттық келісімі аясында әзірленіп жатыр. Халықаралық әріптестік бойынша Германия қоғамы аталмыш құжат мақсаттарын жүзеге асыруды өз мойына алып отыр. Ол энергетика, өндіріс, көлік, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және ауыл шаруашылығы сынды бірнеше бағытты қамтитын болады.

Сарапшылар осы салалар бойынша парниктік газдардың деңгейін мұқият зерттеп, көмірқышқыл газының қоршаған ортаға бөліну көрсеткішін төмендетудің жолдарын іздейтін болады.

Стратегия алдымен Қазақстанда сыналып, кейін бұл тәжірибені аймақтағы өзге елдерге ендіру жоспарланған. Игі бастаманы Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы мен халықаралық жасыл технологиялар орталығы қолдап отыр.

ЙОХАННЕС ШУМАНН, «ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ТӨМЕН КӨМІРСУТЕКТІ ДАМЫТУ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, жалпы Орталық Азия аймағы үшін маңызды. Біздің жобамыздың басты мақсаты келер жылдың соңына дейін Қазақстанда төмен көміртекті дамыту бойынша стратегияны құруға септесу. Ол ел аумағында көмірқышқыл газының бөліну көрсеткішін төмендетумен қатар, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарға жетуді, сондай-ақ бұл саланы жетілдіру үшін инвестиция тартуды көздейді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: vlast.kz