Сот сарапшылары Лондонда тағылымдамадан өтті

Қазақстанның 28 сот сарапшысы «Болашақ» бағдарламасы аясында Лондонның Корольдік колледжінде арнайы тағылымдамадан өтті. Оның барысында отандық мамандар сот сараптамалық зертханасының жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, Ұлыбританияның Лордтар Палатасының ғылым және технология бойынша Комитеті отырысының кезекті есептік сесиясына қатысып, The Old Bailey жүйесінде қаралатын сот істері үрдісін бақылау мүмкіндігіне ие болды.

Бұған қоса молекулярлық-генетикалық, химиялық, токсикологиялық зертеулер бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға қатыса алды.

ДАУРЕН ГАБДУЛЬМУЛИНОВ, АҚТӨБЕЛІК АЙМАҚАРАЛЫҚ СОТ САРАПТАМАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Әрине, бұл біздің сарапшылар үшін пайдалы тәжірибе болды. Оның барысында, жергілікті мамандар өзінің саласы бойынша болашақта Қазақстанда ендіруге тұрарлық жаңа әдістемелермен танысып, мол тәжірибе  жинады. Сондай-ақ,  Ұлыбританияның сот сараптамалық жүйесін зерттеу мүмкіндігіне ие болды.

Әділетті әлем құруда көпшілікке үлгі болған Біріккен Королдіктің сот жүйесі тәжірибесін зерттеу мүмкіндігінің туғаны біздің ел үшін аса маңызды. Бүгінде Қазақстандық сот жүйесі реформаланып жатыр. Денсаулық сақтау мен әділет министірліктерінің сараптамалық жұмыстары бір арнаға тоғыстырылу үстінде.  Жалпы сала бәсекелі ортаға көшті.

ДЖЕЙМС ГУЧ, KING’S COLLEGE LONDON УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Біріккен Корольдіктің сот медициналық сараптамасы біршама өзгеріске ұшырап, қайта жаңғыртылды. Бірқатар басымдық бар, дейтұра болашақта шешімін күтетін сын-қатерлерде жоқ емес. Өзге елдің студенттері Ұлыбритания сотының әлі жетілдірілмеген тұстарын ескеріп, жалпы сот медициналық сараптама саласын бәсекелі ортаға шығаруға ат салысады деп сенемін.

Сондай-ақ, бағдарламасының аясында қазақстандық тәлімгерлер Оңтүстік Корея зертханаларымен танысты.

Фото: tengrinews.kz