Нұр-Сұлтанда үздік кино сценаристтерді марапаттады

Нұр-сұлтанда ең үздік жас сценаристтер марапатталды. Талантты киноматографистер байқауда  «Ойынды кино», «Анимациялық фильм», «Қысқаметражды фильм» және «Мобильді құрылғыларға арналған Киносценарий» номинациялары бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Шығармашылық байқаудың мақсаты сценарийстердің креативті идеяларын қолдау ғана емес, сондай-ақ отандық киноөнімді әлемдік нарыққа шығаруға ықпал ету.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға өтінімдер саны рекордтық деңгейге жеткен.

АЙМАН МҰСАХАДЖАЕВА, ҚАЗҰӨУ РЕКТОРЫ:

- Байқауға 300-ден астам киносценарий ұсынылды және оған біздің кино және теледидар факультетінің барлық студенттері қатысты. Олардың сценарийлері біздің елдегі кино өндірушілермен қатар, Қытайдағы және басқа мемлекеттердегі студияларға берілетін болады. Мен біздің студенттеріміз, біздің кинофакультетіміз әлемдік кеңістікте белсенді түрде дамып келе жатқаныдығын, сонымен қатар Канны мен Венециядағы әлемдік фестивальдарға қатысатығын айтқым келеді.

ӘЛІБИ МҰҚЫШЕВ, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ:

- Толық метр сценарийден жеңдім. Бұл фантастикалық фильм. Онда әлемнің түрлі қызықты ережелері бар. Бұл ерекше дүние. Меніңше көрермендер киноға бір ерекше қиял үшін барады. Басқа әлемге сену үшін. Ал онда біздің әлемде басқаша көзқараста қаралатын мәселелер көтеріледі. Мен бұл идеяны дамытып, оны көрерменге жеткізгім келеді.

Айта өту керек, байқау Жастар жылы және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында өткізілді.