Елордада «Назарбаев көшбасшылығы: ұлы даланың өрлеуі» атты кітап көпшілікке таныстырылды

Жер-жаһанға танылған кемеңгер саясаткер. Ел үмітін ақтаған, халық сенімін сақтаған  білікті басшы. Елордада «Назарбаев көшбасшылығы:Ұлы даланың өрлеуі» атты кітаптың тұсауы кесілді. Бұл Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасының егеменді мемлекет құрудағы даңғыл жолын, елді басқару мен лидерлік қырын терең талдап зерттеген ғылыми еңбек.

Авторы Түркия елінің белгілі публицисті, проффесор Куршат Зорлу. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтің қызметін әлемдік лидерлермен салыстыра зерделеуге тырысқан. Туындыда шетелдік ғалымның сараптамалық мақалаларымен қатар, Елбасының түркі әлемінің ынтымақтастығын нығайтудағы рөлі де кеңінен баяндалады.

Қазақ және түрік тілдерінде жарық көрген кітап тек Түркияда ғана 5000 данамен басылған.

КУРШАД ЗОРЛУ, КІТАП АВТОРЫ, ПРОФЕССОР /ТҮРКИЯ/:

- Олардың ішінде мысалы газеттерде жарияланбаған сөйлесулер бар. Олардың бәрі бұл кітапта болады. Түркия мен Ресей арасындағы мәселені Елбасы қалай шешуге атсалысты. Оның бәрін осы кітапқа жаздым. Ондағы кей мәселелер қазақстандық баспада болған жоқ. Ол кітапта маңызды кездесулер қалай өтті, шешімі қалай болды бәрін жаздым.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото:  inform.kz