ҚР Премьер-Министрі Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы айналма автожолды ашты

Еліміздің транзиттік әлеуетін кеңейтетін ірі жоба елордада іске қосылды. Оңтүстік-батыс айналма жолы транзиттік көліктерге қаланы сырт айналып өтуге мүмкіндік береді. Жүргізушілер бұрынғыдай қала ішінде кептеліске тұрып, уақыт жоғалтпайды.

Жалпы ұзындығы 87 шақырым, төрт жолақты алып нысанмен тәулігіне 7 мың көлік жүйткиді. Айналма жолдың транзиттік тасымалға оң әсерінен өзге, бұдан елорданың экологиясы да жақсарады.

Нысанның құрылысы толықтай алдағы жылдың жазында аяқталмақ. «Нұрлы жол» аясындағы жобаға қазақстандық және қытайлық компаниялар тартылған.

АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

- Айналма жолдың құрылысы жолайрықтары мен көпірлері бар күрделі инженерлік жоба саналады. Ол бас қаланың көлік инфрақұрылымын дамытып, көлік жүйесінің тиімділігін арттырады. Бүгінде елордадан Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс бағыттарында  қауіпсіз және сапалы автокөлік жолдарының жобалары жүзеге асырылуда. Олар бас қаладан оңтүстіктен солтүстікке, батыстан шығысқа тура жүріп өтуге жол ашады.

Фото: primeminister.kz