Елордада «Отандастар. Болашаққа бағдар» халықаралық дөңгелек үстел отырысы өтті

Елордада шет елдердегі қазақ диаспорасының тарихи Отанымен мәдени-гуманитарлық және іскерлік ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін жағдай жасау мақсатында «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстел отырысы өтті.

Шараға арнайы 26 мемлекеттен 150 этникалық қазақ келген. Олардың әрқайқысысының көздегені тілді, дінді ұмытпауға жағдай жасау.

МҰРАТ ЕРМИШ, ШВЕЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

– Біз қазір өте маңызды мәселелерді көтеріп жатырмыз. Елбасымыздың арқасында «Отандастар қорын» құрып, бізге қазір осы қор өте үлкен көмектер көрсетіп жатыр. Соның арқасында бізде қазір онлайн тіл курстары бар, сондай-ақ Шәкәрім Университетімен байланыстамыз, ол жаққа тіл курстарына жібереміз жақында. Қысқаша керемет барлығы. Қатты қуаныштымыз.

Жиындa қордың жүзеге асырған жобалары, олардың нәтижелері, сондай-ақ 2020 жылға арналған жұмыс жоспары жайында баяндалды. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев шетелдегі қазақтардың паспорт алуда жинайтын құжаттар санынының азаятынын жеткізді.

ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

– Біз адамдардың қандас мәртебесін алудағы өтініш беруінен бастап, оларға қазақстандық паспорт бергенге дейін барлық процесстерін таңдап, келесі шараларды жасадық. Қандастардан керекті құжаттардың жалпы саны 46-дан 20-ға дейін қысқаратамыз.Құжаттарды рәсімдеу бойынша барлық қызметтер тек бір жерден, Халыққа қызмет көрсету орталығынан бір терезе бойынша қабылданады және беріледі.

Сондай-ақ ведомоство басшысы құжаттарды рәсімдеу 6 айдан 3 айға қысқаратындығын айтты. Аталған жұмыстардың барлығы 2020 жылдың үшінші тоқсанында өз күшіне енбек.

Айта кету керек, алдағы жылдың көктемінде «Отандастар қоры» дөңгелек үстелдің нәтижелерін көрсету мақсатында үлкен құрылтай өткізуді жоспарлап отыр.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: baq.kz