Түркия Қазақстанға 10 мың кітап тарту етті

«Кітап - ең мықты көпір» жобасы  аясында Түркия Қазақстанға 10 мың кітап тарту етті. Оның тең жартысы Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық кітапхана қорына берілді.

Ізгі шараға Түркияның мәдениет және туризм министрлігіне қарасты«ИЛЕСАМ» ғылым және әдеби шығармалар авторларының кәсіптік ұйымы мұрындық болған.

Бұл құнды еңбектер әлеуметтану, тарих, әдебиет, психология, энциклопедия және сөздік сынды негізгі 15 тақырыпты қамтиды. Айта кетейік, ерекше жоба былтыр қолға алыныпты. Алғашқы 15 мың дана кітап Әзербайжанға сыйланған.

Сондай-ақ, биыл Қазақстанмен қатар 10 мың бірлігі Қырғыз мемлекетіне тарту етіледі. Ал келер жылы игі шара Өзбекстан мен Балқан елдерінде жалғасады.

МЕХМЕТ НУРИ ПАРМАКСЫЗ, «ИЛЕСАМ» ҰЙЫМЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Нұр-Сұлтан қаласына берілген 5 мың кітаппен бірге тағы 5 мыңы Алматы қаласында орналасқан кітапханалардың қорына табысталады. Біз түркі әлемінің тарих, мәдениет, әдебиет және технология салаларының ғалымдары бір-бірінің еңбектерімен танысып, өзара тәжірибе алмасқанын қалаймыз. Кітап – білімнің қайнар көзі. Сондықтан кітап арқылы байланыс орнатуды көздеп отырмыз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: 2ГИС