ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай елордада кино апталығы өтеді

«Назарбаев орталығы» Тұңғыш Президент күніне арналған 100-ден астам іс-шараларды өткізеді. Оның аясында көрмелер, кітап көрмелері, шетелдік көрмелерге бару, дәрістер, сондай-ақ мектеп оқушылары мен студенттермен кездесулер ұйымдастырылады.

Олардың мақсаты - қазақстандықтарды және шетелдік қоғамдастықты Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның мемлекеттілігін қалыптастырудағы, реформалар мен жаһандық бітімгершілік және интеграциялық бастамаларды ілгерілетудегі тарихи рөлімен таныстыру, сондай-ақ, елдің халықаралық мәртебесін нығайту.

Сонымен бірге елордада кино апталығы өтеді, шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары: «Менің балалық шағымның аспаны», «Көшбасшы жолы» киноэпопеясын және тағы да басқа картиналарды тамашалай алады.

ӘМІРХАН РАҚЫМЖАНОВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ - ЕЛБАСЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Фильмдер жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен рөл ойнайды, тек балалар үшін ғана емес, студенттер үшін де маңызды, ол қарапайым халық өмірінде де өшпес із қалдырады. Фильмдер ұлтжандылық мақсатта түсірілген. Бұл әрбір қазақстандық бүгінгі тәуелсіз қазақстанның құрылуын білуі тиіс. Біз бұған қалай келдік? Қандай жұмыс атқарылды? Біздің Елбасымыздың жетекшілігімен және бүкіл қазақ халқының қатысуымен атқаралыған жұмыстарды білуі тиіс.

Фото: ru.zhambylnews.kz