Елордада Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ғылыми-практикалық конференция өтті

«Елбасы және ел мұраты: тұрақтылық, жасампаздық, сабақтастық». Елордада Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында осы тақырыпта ғылыми-практикалық конференция өтті.

Игілігі мол шараға Елбасымен бірге тәуелсіздік жылдары бірге қызмет атқарған әріптестері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, профессорлар және елорда жастары қатысты. Жиналғандар Елбасының саяси және мемлекеттік қызметі, шығармашылық жолы туралы ой-пікірлер айтып, естеліктерімен бөлісті.

Елорда әкімдігі ұйымдастырған шара жастардың бойында отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге бағытталды.

ДӘУЛЕТ КӘРІБЕК, «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

– Біз жастардың арасына осы Елбасының тәуелсіз Қазақстанның құрылуындағы оның басты ролдерін, біздің мемлекеттілігіміздің қалыптасуын, шекараның бөлісуін, келе жатқан экологиялық апаттардың алынуын, одан бөлек жаңағы болашақ бағдарламасы, ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшірілуі секілді тарихи сынды, көшбасшылық сабақ болатын  дүниелерін айтып, жастарға насихаттау, түсіндіру. Яғни, тәуелсіздіктің осындай қалыпқа жетуіндегі Елбасының негізгі істеген, атқарған еңбектері және Қазақстандағы Тұңғыш Президент институтының біздің мемелкеттік қалыптасуымызға ролін айшықтау.

Автор: Ақзер Сегізбаева

Фото: inform.kz