Биыл мемлекеттік қызметтердің 80% ғаламтор арқылы қолжетімді болады

Алдағы жылы қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің 90% онлайн режимінде қолжетімді болады.  Бұл  негізінен «электронды үкімет»  порталы арқылы жүзеге асырылатын басымдық.

Үстіміздегі жылдың он айының қорытындысы бойынша «eGov» желісіне он миллионнан астам пайдаланушы тіркеліп, 36,5 миллион қызмет көрсетілген.

Сондай-ақ, бүгінде 31 қызмет түрін ұсынатын «eGov mobile» жаңа мобильді қосымшасы әзірленді. Жыл соңына дейін тағы 32 түрін еңгізу көзделген.

Бұл орайда айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы цифрлық сауаттылық деңгейінің көрсеткіші 79,6% құрады. Биыл бес жүз мыңнан астам азамат оқытылды.

АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

- Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80% халық интернет арқылы қол жеткізетін болады. Біздің алдымызда келесі жылдың соңына дейін осы көрсеткішті 90% дейін жеткізу міндеті тұр. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2020-шы жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымының электронды үкіметті дамыту индексінде 28-орынға шығу керек. Бүгінгі таңда біз 39-орындамыз. Мемлекеттік бағдарламаның нысаналы индекаторына қол жеткізу үшін шаралар қабылдау қажет.

Автор: Жеңіс Ермұқанов

Фото: vlast.kz