Елордада рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында 1 желтоқсан күні Рождестволық  жәрмеңке өтеді. Қазақстандағы елшілер жұбайларының қлубы үшін бұл қайырымдылық шараны өткізу бұрыннан қалыптасқан игі дәстүр.

Жобаға қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Осымен он екінші мәрте ұйымдастырылып отырған шараға 53 мемлекет өз тауарларын ұсынбақ.

Биылғы жылы ұйымдастырушылар өзекті эко-трендтерді ескеруге тырысқан. Мысалы, жәрмеңкеге келушілерге қоғамдық көліктермен жүріп, пластикалық пакеттерді пайдаланудан бас тарту ұсынылады. Жәрмеңкенің тағы бір маңызды бөлігі – лотерея ұтысы. Барлық жиналған қаражатты ұйымдастырушылар қайырымдылыққа жұмсамақ.

ЛУЦИА ШЕБЕСТА ШМИД, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІЛЕР ЖҰБАЙЛАРЫ КЛУБЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ҚР-ДАҒЫ ШВЕЙЦАРИЯ ЕЛШІСІНІҢ ЖҰБАЙЫ:

- Біздің жәрмеңке ерекше. Өйткені мұнда әлемнің 53 елінің өкілдері өз өнімдерін ұсынады. Оңтүстік Америкадан Қытайға дейін, Финляндиядан Венесуэлаға дейін. Бұл шын мәнінде жәрмеңкені ерекше етеді. Мысалы, сіздер біздің елден әкелінген нағыз швейцариялық ірімшікті, немесе бетке арналған Израиль косметикасын сатып ала аласыз. Бір сөзбен айтқанда, барлық түпнұсқа өнімдер біздің Рождестволық жәрмеңкемізде қолжетімді болады.

БУШРА АЛЬ-ЗУБАЙДИ, ИРАК ЕЛШІСІНІҢ ЖҰБАЙЫ:

- Біз Ирактың түрлі кәдесыйларын, сондай-ақ біздің дәстүрлі тәттілерімізді ұсынамыз. Сонымен қатар, жергілікті және Ирак өнімдерінен дайындалған десерттер мен салаттар болады, бірақ ең бастысы – біз еліміздің ұлттық тағамдарын таныстырамыз. Өздеріңіз білесіздер, Рождестволық жәрмеңкеге көптеген елдер қатысады және олардың әрқайсысы қазақстандықтарға тек қана жағымды әсер қалдырғысы келеді.

Фото: ru.sputniknews.kz