Қазақстан мен БҰҰ еріктілер бағдарламасы ынтымақтастығын кеңейтті

Қазақстан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының еріктілер бағдарламасымен ынтымақтасу келісіміне қол қойды. Осы беделді халықаралық ұйыммен әріптестігімізді нығайту бойынша міндеттемелеріміз Біріккен Ұлттар Ұйымының еріктілер қатарына қазақстандықтарды тартып, оларға қолдау көрсетуді қарастырып отыр.

Еске салып кетсек, мамыр айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Ресей жастары форумына қатысушылардың бастамасын қолдап, 2020 жылды Қазақстандағы Волонтёрлік жылы деп жариялаған болатын.

ОЛИВЬЕ АДАМ, БҰҰ ЕРІКТІЛЕР БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

- Қазақстан Президентінің 2020-жылды еріктілер жылы ретінде жариялауы бұл саладағы жұмысты ілгерілетуге және 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму бағдарламасының мақсаттарына жетуге жағдай жасайды. Біз Қазақстанмен серіктестігімізді және бұл елдің волонтёрлік қозғалысты өз аумағы мен бүкіл әлемде дамыту ниетін жоғары бағалап отырмыз. Қазақстан адамдарға көмектесу дәстүрі бар ел. Асар яғни жақындарға қол ұшын созу - қазақ халқының мәдениетінде бұрыннан бар үрдіс.

Фото: espanarusa.com