Елімізде 2,5 мыңнан астам әлеуметтік жобаға қаржылай демеу жасалды

 

Жастар жылы қазақстандық өрендердің әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық жаупкершілігін арттыруға басымдық берілуде. Осы мақсатта, елімізде «Zhas Project» жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Бағдарлама аясында қоғамдық жобаларды қолдауға 1 миллион теңгеге дейін грант бөлінеді. Сондай-ақ тың бастама аясында қатысушылар жеке іс жүргізудің қыр-сырына үйретіліп, ай сайынғы стипендия тағайындалады. Биыл «Zhas Project» жобасы Алматы Нұр-Сұлтан қалаларымен, Ақмола Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан өңірлерінің жастарын қамтып отыр.

Жалпы, үш жылдың ішінде елдің барлық аймақтарында 9 мыңнан астам белсенді игі шараның шарапатын татып, 2679 әлеуметтік жобаға қаржылай демеу жасалды.

Үздік нәтижелер елордада өткен көрмеде таныстырылды.

МАҚСАТ ӨТЕПБЕРГЕНОВ, ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫ: 

- Команда құрған болатынбыз қоленермен айналысатын қазақтың ұлттық өнерін жандандыру үшін және оны жасау барысында заманауи құралдарды пайдалану. Жобадан бөлінген қаржыны біз құрылғылар алуға жұмсадық.Сұраныс өте көп астау, кеселерге, музыкалық аспаптарға енді көшіп жатырмыз. Домбыра қобыз сияқты ұлтық құралдарды жасауға тырысамыз.

Фото: zhaikpress.kz