Жастар саясатының мемлекеттік мектебі

Жастармен қалай тиімді жұмыс істеуге болады? Өскелең ұрпақпен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттырудың қандай жолдары бар? Осы және өзге де сауалдардың жауабы елордада жастар саясаты мектебінің нәтижелері бойынша республикалық қорытынды диалог алаңында ізделді.

Семинардың басты мақсаты – тәжірибе алмасу. Мамандарды дайындауға халықаралық сарапшылар тартылуда. Жастар жылы шеңберінде аталған салада озық тәжірибені енгізу – басты назарда.

ЛУИЗА УЗАРОВА, ЖАСТАР ҒЗО ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз жастармен қалай жұмыс істеу керектігін үйретеміз. Жалпы, жастар деген кім, жастар саясаты дегеніміз не, бізде заңнамалық база қалай қызмет атақарады, қандай нормативтік-құқықтық актілер бар? Осындай түсініктерге жауап береміз. Биылғы жылы бүкіл Қазақстанды қамтыған 5-тен астам семинар-тренингтер өткізілді.

Шараға республиканың барлық өңірлерінен 30-дан астам адам қатысты. Негізінен, ресурстық орталықтарының өкілдері, жастар саясатын жүзеге асыруға мүдделі мемлекеттік органдардың сарапшылары.

ЕРХАН БАҚБЕРГЕНҰЛЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ, ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

– Осы ресбуликамыздың өңірлерінен жиналған түрлі жастар ұйымдарының, жастар ресурстық орталықтарының мамандарымен қазір пікір алмасу алаңдарында тәжірибелерімізбен бөлісіп жатырмыз. Әр өңірдің өзіндік менталитеті бар, өзіндік ортасы бар. Әркім өзіне қажетті тұстарын айтып, қажетті жерлерін түртіп алып жатырмыз.

Үш күндік шара барысында, сондай-ақ мектепті дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы және жастар жобаларының нәтижелері таныстырылады.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: russianvienna.com